Дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлауды дамыту

№2 педагогикалық кеңес аясында «Айя KIDS» балабақшасының тәрбиешісі Жанашева Каракоз Аязбеккызы мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дидактикалық ойындар арқылы дамыту тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
Педагог талдау, салыстыру, жіктеу, заңдылықтарды анықтау және себеп-салдар байланыстарын түсінуге арналған ойындар жүйесін ұсынды. Қатысушылар ойын тапсырмаларын орындап, оларды өз тәжірибесінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады.













